Жаңаөзендегі тастанды сәбидің анасы әлі анықталған жоқ

737

Бала Сәбилер үйінде өсіп жатыр.

Жаңаөзендегі тастанды сәбидің анасы әлі анықталған жоқ

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында 11 қыркүйек күні табылған тастанды сәбидің анасы әлі күнге табылған жоқ. Полиция айдан астам уақыт өтсе де, безбүйрек әйелдің жеке басын анықтай алмай отыр. Ал Бақыт Рахат деп ат қойылған баланы асырап алуға ниет білдірушілер қатары көбейіп келеді.

Естеріңізге сала кетсек, жаңа туған ер баланы Жаңаөзендегі жеке үйлердің бірінің алдынан сәбидің жылаған дауысын естіген тұрғындар тауып алған еді. Дереу ауруханаға жатқызылған ұлдың салмағы 2 келі 740 грамм, дене қызуы 31 градус болған-ды. Одан кейін бір келідей салмақ жинаған бала Сәбилер үйіне жіберілген. Бірақ қазіргі күні оның қайтадан дене қызуы көтеріліп, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр екен. 

"Бізде Бақыт Рахат үшін барлық жағдай жасалған. Бұл жерде ол ішетін сүтпен, киім-кешекпен, басқа да керек-жарақпен түгел қамтылады", – дейді Сәбилер үйінен.

Алайда баланы асырап алуға ниет білдірушілер аз емес екен. Мекеме оларға ата-ана болу құқығын рәсімдеу үшін тиісті мекемелерге құжат тапсыруға кеңес береді. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу