Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді

1472

Боксшы WBC және WBO титулы үшін болған жекпе-жекте қарсыласын 24 жеңіспен нокаутқа жіберді.    

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді

Титулдық жекпе-жекте алтыншы раундта техникалық нокаутпен аяқталды, деп хабарлайды sports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) 39 жастағы канадалық боксшы Альберт Онолуносқа қарсы өткізген еді. 26 жастағы қазақстандық боксшы өзінің орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын қорғап қалды.

Еске салсақ, ол соңғы жекпе-жегін 17 тамызда Лос-Анджелесте өткізді. Бесінші раундта канадалық Стюарт МакЛелланды нокаутқа жіберіп, WBC Continental America және WBO Global орташа салмақ дәрежесін қорғаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу