Жапония үкіметі Бейрут портында болған жарылыс салдарымен күрес жүргізіп жатқан халықаралық ұйымдарға 5 млн доллар шығындамақ. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ресми дерек бойынша, қаржы Қызыл Кірес Халықаралық комитеті мен БҰҰ-ның балалар қорына үлестіріледі. Бөлінген қаражат қирап қалған ғимараттарды, яғни жойқын жарылыс кезінде құлаған ауруханалар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіруге бағытталады.
Еске сала кетсек, 4 тамызда Бейрут портында жарылыс болып, салдарынан қаланың жартысы қирап, 300 мың тұрғын үйсіз қалған еді. Жергілікті билік апатқа 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болды деп мәлімдеді. Апаттан 150-ден астам адам қаза тауып, 6000 мың адам түрлі деңгейде жарақат алды.
Табиғат Нұрболат
Фото: kyodonews.net