Жобаның құны 300 млрд иен (2,75 млрд доллар) болады деген есеп бар. Бұл қаржыға Жапония 11 күн, 10 жел стансасын орнатпақшы. Аталмыш стансалар бірлесіп 600 МВт энергия өндіруге тиіс.
"Алғашқы стансаның құрылысы 2020 жылдың қаңтарында басталады. Ал соңғы станса 2024 жылы салынып бітеді", – деп жазады Bloomberg.
Мемлекет бұл жобаға 30 млрд иен субсидия төлемек. Қалған ақшаны Development Bank of Japan және Mizuho Bank қаржы ұйымдары шығарады.
2011 жылы Фукусимада жер сілкініп, цунами салдарынан "Фукусима-1" атом электр стансасында апат шыққан болатын.
Есімжан Нақтыбайұлы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу