Жапонияда император әулетінің 101 жастағы өкілі қайтыс болды

1262

Жапонияда император әулетінің 101 жастағы өкілі қайтыс болды

Жапонияның қазіргі императоры Акихитоның әкесінің кенже інісі Микаса бүгін дүние салды. Бұл туралы Император сарайының басқармасы хабарлады, деп жазады reactor.inform.kz.
Биылғы жылдың мамырында ханзада тыныс жолдарының қабынуына байланысты ауруханаға жатқызылған болатын. Ал маусымның соңында жүрегіне ота жасалған.
Ханзада соңғы рет халық алдына осы жылдың қаңтар айында шыққан. Кейінірек Жапонияның Түркиядағы елшісін қабылдаған.
Ол император отбасының екінші дүниежүзілік соғысқа қатыспаған жалғыз мүшесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу