Жапонияның Әділет министрлігі заңдар мен ережелердің ағылшын тіліндегі аудармаларын тезірек шығару үшін жасанды интеллектті қолдана бастады. Авторлардың айтуынша, бұл жаңашылдық халықаралық транзакцияларды жеңілдетіп, шетелдік инвестицияны тартуға септігін тигізеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Asahi Shimbun порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Осы уақытқа дейін, ағылшын тіліндегі аудармаларды басып шығару орта есеппен 2,5 жылға жуық уақытты алды. Жапония министрлігі жасанды интеллект арқылы маңызды заңдар мен нормативтік актілердің аудармаларын жарияланғаннан немесе қайта қаралғаннан кейін бір жыл ішінде қолжетімді етуге тырысады. Сондай-ақ, 2009 жылы үкімет заңдар мен ережелердің ағылшын тіліндегі аудармаларын басып шығаратын жапондық заң аудармаларының дерекқор жүйесін іске қосты.
"Жалпы, Жапонияда 8000-нан астам заңдар мен ережелер бар. Қараша айының соңында 915 заң мен ережелер ағылшын тіліне аударылып, жарияланды", - деп түсіндірді Asahi Shimbun порталы.