Себебі, екі тәулік бойы жарықсыз отырған. Авариялық жағдай алдағы уақытта да қайталануы мүмкін. Себебі, электр қуатының жетіспеушілігі шаһардағы өзекті мәселе. Ал жерасты желілердің 80%-ы тозығы жеткен. Салдарынан жыл сайын қала ішінде 200-ге жуық ірілі-ұсақты апат тіркеледі. Сонымен еліміздегі жас қаланың электр қуаты қашан қалыпқа келеді?
Шарасыздықтан түн ортасында тас жолды жапқан осы 33 ықшам ауданның тұрғындары. Электр желісіндегі апаттың кесірінен 500-ге жуық пәтер екі тәулік жарықсыз қалған.
"Бізде жарық жиі сөнеді. 5-6 сағаттап жарық сөнеді. Біз оған көнеміз. Қазақпыз ғой деп. Бірақ, кеше енді шектен шығып кетті. Екі түн бір күн тәулік бойы жарық болмады. Бала-шаға дүкендегі мұздай бәліш пен мұздай суға тойды", деді тұрғын Айгүл Қызылбаева.
"Дұрыс емес қой, осылай жұмыс істеу. Лифтіміз істемей тұр. Мен қазір жаяу түсіп отырмын. Қазір қайтадан жаяу көтерілуім керек. Подъезде жарық жоқ. Мәселе сол", деді тұрғын Орынхан Айдашева.
Тұрғындардың көшеге шыққаны сол-ақ, жарық қосылды. Алайда, негізгі апатты қалыпқа келтіргенше екен. Онда да тоқ тек пәтер ішінде. Себебі, негізгі желінің 5 жерінен жарылған.
"Енді АУЭС-тың қуатылығы осыдан бір 4 жыл бұрын пик нагрузка 60 мВат болатын еді. Ал қазір 187 мВатқа жетті. Неше есеге өсіп кетті бұл? 4 жыл бұрын қатты көтерілгенде 60 мВат болатын еді аптап ыстықта", - деді "АЭЖБ" МКК бас инженері Әтірбек Маханбетов.
Мемлекеттік бағдарламамен тұрғызылған көпқабатты тұрғын үйдің проблемасы бір күнде пайда болған жоқ. Тұрғындар екі жыл бойы электр желісінің әлсіздігіне шағымданумен келеді. Алайда, осы күнге дейін әкімдіктен қарекет болмаған. Шенеуніктер тапшылық айқын сезіле бастаған соң ғана қозғала бастаған сыңайлы. 60 жыл бойы жаңару көрмеген желілер биыл ауыстырыла бастапты. Қала әкімдігінің қолдауымен жыл соңына дейін 21 ескі трансформатор жаңартылады.
"Мына жерде болашақта жаңа микрорайондар болады деп жатыр. Соған арналып салынған, жаңа мкр-ларға арналған екі үлкен подстанция. 126 мВат-тық. Жоқ дегенде 10 шағын ауданды тоқпен қамтамасыз ете алады. Мынаған келіп тұрған 110 КВ желісі кабельмен келеді жерасты", дейді Мердігер мекеменің өкілі Жамбыл Кукенов.
Бұл тоқ тораптарының әрқайсысын салу үшін 4 миллиард теңге кетеді екен. Ендігі мәселе жерасты желілерін жаңарту. Оны коммуналдық мекеме "тарифты инвестицияға айырбаста" жобасы арқылы жүзеге асыруға ниетті. Соның нәтижесінде ондаған шақырым жерасты желі жаңарады.
"Биыл жаңа бағдарлама бойынша өтінім берілген болатын. Бекітілген инвестициялық бағдарлама бойынша оларға 71,6 млн теңге қарастырылған. Ол деген замена кабельных линии деп айтамыз. АУЭС мекемесінен департаментке өтінім түсті. Қосымша жұмыстарды қосу бойныша. 93,7 млн теңгеге жұмыстар қосылды", - дейді облыс бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Жандос Салимов.
Бұл бағдарламаның нәтижесінде халық электр қуатынан тапшылық көрмейді. Алайда, жарық үшін төленетін қаражат көбейеді. Өйткені, тартылған инвестиция тарифтың өсуі арқылы қайтарылады. Жоспар бойынша жыл соңына дейін жаңа трансформаторлар іске қосылады. Сондай-ақ, жүздеген шақырым жерасты желілер жаңартылмақ. Мамандар келер жылы тоқтан таршылық болмайды деп сендіріп отыр.