12,5 мың теңгелік жалдамалы пәтер тұрмысты түзеуге септігін тигізеді. Алайда жастар жағы "кей әлеуметтік төлемдер сияқты мамандар тағы да түлкібұлаңға салып, қисапсыз көп әрі негізсіз құжаттарды сұратып мезі қылмай ма?" деп алаңдайды. Танысы көптің тынысы кеңейіп, әдеттегідей жемқорлыққа жол ашылады деген қауіптері де жоқ емес. Десек те байыбына жетпей жатып, байбаламға салынбайық, сонымен құны төмен пәтерді қалай жалға алуға болады? Жас отбасылар сандалып қалмай ма? Сансыз сауалға еліміздегі жастар мен отбасы жөніндегі комитет төрағасы Мадияр Қожамет жауап берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу