1-21 қазан аралығында "Отбасы – бақыт мекені" отбасы институтын нығайту жөніндегі шаралар кешені аясында елордадағы жас отбасылар арасында жүгіру марафоны өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жеңімпаздар триатлон паркінде тәжірибелі жаттықтырушы және "Street Workout Kazakhstan Тур" негізін қалаушы Айтым Жақыповтың қатысуымен марапатталды.
Марафон барысында ең ұзақ қашықтыққа жүгірген жеңімпаз 20 отбасының есімі белгілі болды. Оларға тұрмыстық техника мен электроника сатып алуға 50 мың теңгенің сертификаттары, сондай-ақ "Отбасы – Бақыт мекені" жобасының мерейтойлық медальдары мен бас киімдері табысталды.