Елордада жастарға арналған жалдамалы пәтер құжаттары қараша айында қабылдана бастайды. Негізгі талап бойынша азаматтар бас қалада 2 жыл тұрып, соңғы алты айда жұмыс істеуге тиіс. Жыл соңына дейін 1050 азаматқа пәтер беру қарастырылып отыр.
Ал жалпы қалада 245 мың жас тіркелген. Іріктеу кезінде жас отбасыларға, 100-ден астам қажетті маман иелеріне, жас кәсіпкерлер мен ұстаздарға басымдық беріледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу