Жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімі өңделмей отыр

614

Осы мәселені шешу және ЖҚШ-дың мүмкіндіктерін шоғырландыру үшін Жамбыл облысында пилоттық жоба іске қосылды.

Жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімі өңделмей отыр

Статистика бойынша Қазақстандағы сүттің 75%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Алайда, логистиканың және орталықтан сатып алу мүмкіндігі жоқтығынан, сондай-ақ сақтау, бастапқы өңдеу, азықпен қамтамасыз ету және айналым қаржысының жетіспеушілігіне байланысты ЖҚШ (жеке қосалқы шаруашылықтардың) өнімінің аз ғана көлемі қайта өңделеді.

Осы мәселені шешу және ЖҚШ-дың мүмкіндіктерін шоғырландыру үшін Президенттің тапсырмасымен кооперация арқылы ауыл тұрғындарының табысын ауқымды және тиімді арттыру бағытында Жамбыл облысында пилоттық жоба іске қосылды. Үкіметтің жобалық кеңсесінің салалық менеджерлері қазіргі уақытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуы арқылы кооперативтерді құруды тікелей қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау бойынша модельдерді пысықтауда.

"Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту" жөніндегі Ұлттық жобаның тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Үкіметтің жобалық кеңсесінің тәжірибесі қолданылатын болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу