Желіде тараған тағы бір ақпараттың фейк екені анықталды

749

Қазнет пайдаланушылары әлеуметтік қашықтықты сақтау COVID-19 алдын алу үшін емес, бетті тану жүйесі бар камералар арқылы адамдарды нақты сәйкестендіруі үшін қажет екендігі туралы хабарламамен бөлісуде. Stopfake.kz бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жазады.

Желіде тараған тағы бір ақпараттың фейк екені анықталды

Біріншіден, әлеуметтік қашықтықты сақтау – жұқпалы аурулардың алдын алудың дәлелденген әдісі. Тіпті қарапайым суық тисе де, оны жұқтырмас үшін науқаспен тығыз байланыста болмаған жөн. Ал COVID-19 ауа-тамшы жолдарымен  таралады. 

Екіншіден, бетті тану жүйесі бар камералар сәйкестендіру үшін адамдар арасында белгілі бір қашықтықтың болуын қажет етпейді. Заманауи құрылғылар бір-біріне өте жақын тұрған адамдарды тани алады. Мысалы, 2018 жылы Қытайда камералар поп-концертке келген 60 мың адамның арасынан қылмыскерді анықтаған. Әрине, олар ешқандай қашықтықты сақтамаған. 

Үшіншіден, бетті тану жүйесі бар камералар блокбастерлерде көрсетілгендей жұмыс істемейді. Адамды нақты анықтау үшін оның фотосуреттері мен жеке деректері дерекқорға енгізілуі керек. Оның үстіне, бұл үшін құжаттардан алынған стандартты фотосурет жеткіліксіз. Дұрыс тану үшін әр түрлі бұрыштардан және әр түрлі жарықпен түсірілген бірнеше сурет қажет. Бірақ бұл да жүз пайыздық кепілдік бермейді. Тіпті соңғы үлгідегі заманауи камералар да жиі жалған нәтижелер береді. Мысалы, Лондонда мұндай кемшіліктер үшін полициядан бірнеше рет көпшілік алдында кешірім сұраған.

Мұндай камералардан қара көзілдірік, жиектері бар бас киім киіп, кең шарфқа оранып, медициналық маска тағу арқылы "жасырынуға" болады. 

Төртіншіден, бетті тану жүйесі бар камералар барлық елде бола бермейді. Бүгінгі күні Қазақстанда ҚР ІІМ балансында ондай бірде-бір камера жоқ. Елімізде мұндай құрылғылар желісін енгізу жөніндегі жоспарлар туралы да хабарланбаған.

Қорыта келе, әлеуметтік қашықтық сақтау, шын мәнінде, аурудың алдын алу шарасы ғана және оны сақтау немесе сақтамау бейнекамералардың жұмысына әсер етпейді дей аламыз.

Бұған дейін біз әлеуметтік қашықтықты сақтау адамдардың қозғалысын бақылау үшін қажет деген фейк ақпаратты жоққа шығарған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу