Желтоқсаншылар елордадағы қоғамдық көлікте тегін жүреді

580

Осы жылдың қаңтар айынан бастап қалада автобустарда жол ақысын төлеуден босатылатын азаматтардың санаты кеңейді.   

Желтоқсаншылар елордадағы қоғамдық көлікте тегін жүреді Фото: liter.kz

Желтоқсан оқиғасына қатысқандар Астанадағы қоғамдық көлікте тегін жүретін болды, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Енді бұл жеңілдікті "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары да ала алады", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Бұдан бөлек қалалық маршруттарда тегін жүре алады:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;

  • жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
  • көпбалалы аналар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • мүгедектігі бар адамдар;
  • 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).

Ақпаратқа сәйкес, жеңілдікті көлік картасын Орталық кассада (Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайы бойынша) ресімдеуге немесе cts.gov.kz сайтында онлайн өтінім беруге болады. Оны сатып алмас бұрын IKomek бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі бойынша хабарласу қажет.

Айта кету керек, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорданың кәмелетке толмаған тұрғындары қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден босатылған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу