Женева автосалоны өтпейді

594

70 жылдық тарихы бар Женева автосалоны енді өткізілмейді. 

Женева автосалоны өтпейді

Швейцария билігі коронавирус пандемиясы үшін автошоу өткізуге үзілді-кесілді тыйым салды. Стендтердің көбісі құралып көрермен қабылдауға дайын тұрған. 

Salon International de l'Automobile деп аталатын ұйымдастырушы компания бұдан былай Женева автосолоны мүлдем өтпеуі мүмкін деп хабарлады. Эпидемиология жағдайы түзелмегенше бірде-бір көлік көрмеде қойылмайды. Әлемдік авто компаниялар да "қуланып", жаңа модельдерді онлайн көрсетуге көшті.

Айта кетейік, Швейцарияда жыл сайын өткен автосолонды миллион адамға дейін тамашалайтын. Salon International de l'Automobile мотор-шоуды ұйымдастыру құқығын Palexpo компаниясына сатып жібермекші.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу