Жеңіл өнеркәсіп өнімінің импорты экспорттан 30 есе артық

722

Аталған саладағы қауымдастықтың президенті шетелдік бәсекелестермен экономикалық жағдайды теңестіру керегін айтады.

 Жеңіл өнеркәсіп өнімінің импорты экспорттан 30 есе артық

Қазақстанда киім бір жылда шамамен 6%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтар-мамырда елімізде 20,5 млрд теңгенің киім өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда ақшалай мәнде 34,9%-ға артық.

Сектордағы өнеркәсіп өндірісінің нақты өсімі – 19,3%.

Киімнің басым бөлігі Алматы облысында өндірілген: яғни 3,8 млрд теңге, бір жылда көрсеткіш 12,9%-ға өскен. Үздік үштік қатарында Алматы қаласы мен Қарағанды облысы бар.

Өңірлерде "ТФ Ажар" ЖШС, "Glasman" ЖШС, "Texti Market" ЖШС, "Демеу-Арна" ЖШС, "Қазлегпром-Алматы" ЖШС және тағы басқа көптеген компания жұмыс істейді.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда компаниялар 46,3 млрд теңгенің киімін шығарған: өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде көрсеткіш 5,5%-ға көп.

Қазақстанда заттай мәнде машинамен немесе қолмен тоқылған 51,8 мың сыртқы киім өндірілген: бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,9%-ға артық. Ерлерге арналған сыртқы киім өндірісі 2%-ға немесе 73,8 мың өнімге дейін өскен, ал әйелдер киімінің өндірісі керісінше 49,1%-ға немесе 35,9 мың өнімге азайған. Балаларға арналған киім 2 млн теңгеге киім өндірілген, бір жылда плюс 71,3%. Шляпа мен бас киімдер өндірісі 17%-ға немесе 382,6 млн теңгеге өскен.

Сондай-ақ 4,6 млн жұп шұлық және 49,9 мың свитер, жемпір, кеудеше және осыған ұқсас трикотаж өнімдері шығарылған.

Биыл 4 айда балаларға арналған трикотаж киімін өндіру 3,5 есеге немесе 23,6 млн теңгеге дейін өскен. Алайда бұл сұраныстың тек 1%-ын ғана.

Осы кезеңде балалар киімінің импорты 38,9%-ға немесе 2,3 млрд теңгеге артқан.
Іш киім сегментінде компаниялар сұранысты тек 1,1%-ға қанағаттандырған. Өткен жылғы көрсеткіш – 2,4%. Импорт 2 есе немесе 30,9 млн өнімге артқан.

Компаниялар свитерлер мен басқа да осыған ұқсан өнімдерге сұранысты тек 2,5%-ға қамтамасыз еткен.

Қазақстанға 1,7 млн өнім жеткізілген: бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артық.

2021 жылы шұлық-ұйық бұйымдары сегментінде сұраныстың жергілікті өндіріспен қамтамасыз етілу деңгейі 9,5%-дан 2,9%-ға төмендеген. Импорт бірден 4 есе немесе 20,4 млрд теңге өскен. Бұл еліміздегі киім нарығы толығымен импорт үлесінде екенін көрсетеді.

2021 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанға жалпы сомасы 253,1 млн доллар болатын 31,5 мың тонна киім мен оған қажет бұйымдар жеткізілген. Заттай мәнде 2,1 есе, ал ақшалай мәнде 62,4% өсім тіркелген. ТМД елдерінен 55,4 млн доллар болатын 8,4 мың тонна киім жеткізілген. Негізгі импорттаушылар – Өзбекстан мен Ресей. ТМД-ға кірмейтін мемлекеттерден 197,8 млн доллар болатын 23,1 мың тонна киім әкелінген. Негізгі жеткізушілер – Қытай мен Түркия. 

2021 жылғы мамырда еліміздің ішкі нарығында сыртқы киімге бөлшек сауда бағасы бір айда 0,6%-ға және бір жылда 5,6%-ға өскен. Оның ішінде ерлер мен әйелдер киімі бір жылда 5,6%-ға, балалар киімі 5,5%-ға қымбаттады.

Алматыда бір жылда киім бағасы айтарлықтай көтерілген: 7,5%. 
Сонымен қатар баға Шымкент қаласы (6,3%) мен Қарағанды облысында (7,3%) өскен.

Хабар24 телеарнасының мәліметінше, алдағы уақытта да киім қымбаттауы мүмкін. Алайда отандық және шетелдік киімдердің бағасы біртіндеп өседі деп болжанып отыр.

Бүгінде нарықта Қазақстанға жеткізілген жеңіл өнеркәсіп өнімінің көлемі экспорттан 30 есе артық. Аталған саладағы қауымдастықтың президенті шетелдік бәсекелестермен экономикалық жағдайды теңестіру керегін айтады. Мысалы, Өзбекстан, Қытай, Ресей, Түркия өз компанияларын жеңілдік және артықшылықен қамтамасыз еткен. 

Еліміздегі жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін компаниялар қосылған құн салығын алып тастауды, ал өнімді ілгерілету үшін сауда алаңдарын субсидиялау мәселесін қарастыруды сұрап отыр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу