Жеңілдетілген автонесие беру қаңтардың соңында қайта жандануы мүмкін

565

Бұл уақытта халық асыға күтіп жүрген, бірақ тұралап қалған 4%-дық автонесие бағдарламасы қаңтардың соңында қайта жандануы мүмкін. Тек нақты датасы белгісіз. 

Жеңілдетілген автонесие беру қаңтардың соңында қайта жандануы мүмкін Фото: egemen.kz

Бүгінде Қазақстанның Даму Банкін ғана бағдарламаның бірыңғай операторы ретінде қалдыру мәселесі шешіліп жатыр. Қаперге салайын, бұған дейін жеңілдікпен автокредит беру қаңтар айының екінші жартысында қайта басталатыны хабарланған. Револьверлік тетік арқылы жинақталған қаражат көлемі шамамен 13 млрд теңге болады, ал бұл кемінде 1300 жаңа несие беруге мүмкіндік. Алайда,сарапшылар да, халық та бағдарламаның жөнді жүзеге аспай жатқанын айтады. 

"Мынадай сомаға шығарып бере аламын деген ұсыныстар жүріп жатыр. ең бастысы, менің ойымша, осы жемқорлық схемасын жою керек. Дамыған заманда тек цифрлық бағдарлама арқылы біз оны жоя аламыз. "Счет на оплату" болса да, автокөлік жоқ, автокөлікті күтем дегенше, "счет на оплату" ескіріп кетеді.  Бұл қиындық тудырып жатыр. Жақсарту үшін мемлекет жағынан банктерге бағдарлама бойынша ақша бөлінуін дұрыстау керек, адамдардың кезекке тұруы цифрлық форматта болуы керек және пара беру арқылы кезекке тұра алмайтындай жағдай жасау керек", дейді Автосарапшы Абзал Дәулетов. 

Еске салсақ, Үкімет 2015-ші жылдан бастап Қазақстан даму банкі арқылы жеңілдетілген шарттармен автонесие беру бағдарламасына 82 млрд теңге бөлді. Осы қаражат есебінен 176 млрд теңгеге 32 мыңнан астам қарыз берілген. Ал былтырғы мамыр айында Өнеркәсіпті дамыту қоры тағы 100 млрд теңге бөлді. 1-ші желтоқсандағы дерек бойынша осы қаражатқа 14 мыңнан астам қарыз мақұлданып, 12,5 мыңнан астам жаңа көлік берілді. Жеңілдетілген автонесие жылдық 4 пайыз мөлшерлемемен бастапқы жарнасыз 7 жылға беріледі. Қарыздың максималды сомасы 10 млн теңге,  ал көліктің бағасы 15 млн-нан аспауы тиіс және Қазақстанда құрастырылған болуы шарт. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу