Жетісу жерінен Қарағандыға "Қайырымдылық керуені" жол тартты

682

Жетісу жерінен Қарағандыға "Қайырымдылық керуені" жол тартты

Талдықорған орталық "Иман" мешітінен Қарағанды облысына "Қайырымдылық керуені" атты жүк көлігі жолға шықты. Қайырымды іске 100 қап ұн, 100 қап кеспе, 40 литр сұйық май, 93 дана көрпе-жастық, 100 жұп аяқ киім және 15 сөмке азық-түлік жалпы саны 3 тонна зат жөнелтілді.

Айта кетейік, су тасқыны Қарағанды облысының барлық 8 ауданына жайылды. Төрт ауданда (Бұқар жырау, Қарқаралы, Абай, Шет) табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімі жарияланды. Су тасқыны елдімекендердің тіршілігіне зардабын тигізді.

Сауапты іске атсалысып мұрындық болған өкіл имамға, зекет қоры өкіліне және мешіт жамағатына Алла разы болғай!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу