Жоғалған туристерді іздеуге Өзбекстан ТЖМ құтқарушылары тартылды

756

Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен екі туристі іздеу жұмыстары жалғасуда.

Жоғалған туристерді іздеуге Өзбекстан ТЖМ құтқарушылары тартылды

Тауда жоғалып кеткен туристерді іздестіруге Өзбекстан ТЖМ құтқарушылары тартылды. Олар Өзбекстан жағынан Өгем өзенінің арнасын бойлай Чарвак су қоймасына құятын жерге дейінгі шекара аумағын тексеруде, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әдетте таулы жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу қиын, таулы аймақтарда өзен ағысы да қатты болады. Құтқарушылар осы уақытқа дейін 350 шақырымнан асатын тау шатқалдарын сүзіп шығыпты. Пилотсыз ұшу аппараттары арқылы шамамен 170 шақырым аумақ қаралған.

""Қазавиақұтқару" АҚ тікұшақтарымен аэровизуальды барлау жасалды. Жалпы 2 мыңнан астам шақырым жер әуеден тексерілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД, ПД, жергілікті атқарушы органдардан,  ҰҚК Шекара қызметінен, ІІМ Ұлттық гвардиясынан, Ұлттық парктен, Альпинизм федерациясынан 218 адам, 32 бірлік техника, 3 пилотсыз ұшу аппараты, ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ 2 тікұшағы және туыстары жұмылдырылды",– дейді ТЖМ-дан.

Еске сала кетсек, туристерді іздеу 25 мамырдан басталған еді. Іздеу жұмыстарының арқасында 28 мамырда 7 адамның 3-еуі аман табылды. Өкінішке қарай 2 адам қайтыс болды. Ал екі туристен әлі хабар жоқ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу