Жоғары оқу орындарына 300-ден астам жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді

801

Білім беру бағдарламалары еңбек нарығының сұранысы мен жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талабына бейімделіп әзірленген, деп хабарлайды inbusiness.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғары оқу орындарына 300-ден астам жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді

Болашақ мамандар ядролық медицина, smart city технологиясы, математикалық экономика, статистика және деректерді талдау, білім берудегі физика, ғылыми тарих, new media, тау-кен ісіндегі 3D модельдеу инженері, наноматериалдар және нанотехнологиялар бағдарламалары бойынша білім алады. 

IT-мамандарға сұраныстың артуына байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына да жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді. Жоғары оқу орындары ауқымды деректерді талдау, жасанды интеллект технологиясы, криптология, IT-құқық, digital Engineering, робототехникалық жүйе, data Science, киберфизикалық жүйе, роботтандырылған пилотсыз ұшу аппараттары, IT-менеджмент, цифрлық экономика салаларына бағдарламашы даярлап жатыр. 

"Соңғы жылдары еліміздің еңбек нарығында IT-мамандарға сұраныстың күрт өсуі байқалуда. Осыған орай жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талапқа сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын әзірледі. Іс барысында жоғары оқу орындары жұмыс берушілердің сұранысын ескерді", – деді Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Біле жүріңіз, биыл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының мамандарын даярлауға 10 мыңға жуық грант бөлінді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу