Жоғары зейнетақы алу үшін не істеу керек?

11587

2021 жылғы 1 шілдеде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы шотының саны 11,5 млн болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Жоғары зейнетақы алу үшін не істеу керек?

Салымшылардың зейнетақы шотындағы жинақ сомасы бір жылда 8,3%-ға өсіп, 12,8 трлн теңгеге жетті. Соңғы 5 жылда тұрғындардың жинағы орта есеппен 15,5%-ға өсіп жатыр.

Биыл маусымның соңында кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) – 28,8 мың теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы (қаңтар-маусым аралығы) – 673,6 мың теңге.

Орташа және максималды мән арасындағы мұндай айырмашылық жарналардың көлеміне, сондай-ақ олардың жүйелілігіне байланысты. Яғни жарналарды жүйелі түрде аударатын салымшылар жинақтың елеулі көлемін алады. 

Жинақтардың жалпы өмірлік циклі орта есеппен 40 жыл. Бұл базалық зейнетақы мөлшеріне де әсер етеді.

Айта кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, әрбір алушыға жеке тағайындалады.
Елімізде белсенді салымшылардың саны өсіп жатыр. Бұл оң көрсеткіш болып саналады. Мысалы, 2018 жылдың қорытындысы бойынша олар 6,4 млн, 2019 жылы – 6,6 млн , 2020 жылы 8,9 млн болды. Ал міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған шоттар саны – 10 млн.

Қызметкерлерден түсетін жарналардың орташа жиілігі – жылына шамамен 8. 

2021 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша салымшылардың шотына 629,6 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарнасы түскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,1%-ға артық.

Қартайған уақытта жоғары зейнетақы алу үшін тұрғындар зейнетақы аударымдарын тиісті деңгейін сақтауы қажет. Бұл көрсеткішке табыс деңгейі, сондай-ақ зейнетақы қорына аударымдардың жүйелілігі мен мөлшері әсер етеді.

Зейнетақы жинағының өсуіне халықтың табысы да айтарлықтай әсер ететінін ұмытпаған жөн.

Сондай-ақ зейнетақы жинағының өсуіне инвестициялық табыс та ықпалын тигізеді. Зейнетақы шотында неғұрлым көп қаражат болса, инвестициялық кіріс та соғұрлым жоғары болады.

2021 жылғы қаңтар-маусымда БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген инвестициялық табыс 774,2 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,9%-ға артық (565,7 млрд тг).
Есепті кезеңде табыстылық деңгейі – 6,1%, инфляция деңгейі – 4,6%. Осылайша, зейнетақы активтері бойынша нақты табыс 1,5%-ға тең болды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу