Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты салық салу әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов мүлігі жоқ адамдарға салық туралы қате ескерту келгенде не істеу керектігін айтып берді.
"Жұмыс кезінде ондай оқиғалар кездесіп тұрады. Бұған дейін де айтқанымдай, уәкілетті органдардан түзетілуге тиіс қате ақпараттар келіп жатады. Ондайға тап болған адамдарға өзі туралы мәліметтерді түзету үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгінуге кеңес береміз. Түзетілген мәліметтерді салық органдарына ұсынсаңыз, салық инспекторы сізге тиесілі салықты қайта есептеуге міндетті", – деді комитет өкілі.
Есімжан Нақтыбайұлы