Жол инспекторлары парамен ұсталды

4119

Олар Орал – Атырау және Орал – Ақсай тас жолында жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 2 мыңнан 10 мың теңгеге дейін ақша алып отырған.

Жол инспекторлары парамен ұсталды

Батыс Қазақстан облысында патрульдік полиция батальонының взвод командирі қамауға алынып, тағы бірнеше қызметкердің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды 24.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің дерегінше, жол инспекторлары 21 қаңтар күні парамен ұсталған. Олар Орал – Атырау және Орал – Ақсай тас жолында жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 2 мыңнан 10 мың теңгеге дейін ақша алып отырған және заңға қайшы іс-әрекетке өзара келісіп барған. Егер жол сақшыларының кінәсі дәлелденсе, олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы немесе еселенген айыппұл төлеуі мүмкін.

"Анықталған парақорлық деректері және де жүйелі түрде болып тұрған. Олардың арасында алдын ала сөз байласу деректері де анықталған. Яғни, бір топ қызметкерлер болып, алдын ала сөз байласып, пара алу деректері анықталып отыр. Аталған қызметкерлерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының бірнеше тармақтары негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр",– дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бқо департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу