Соңғы уақытта Қызылорда облысында жол-көлік апаты жиілеген. Күні кеше тағы да екі апат орын алды. Оның бірінде емханаға бара жатқан ерлі-зайыпты опат болды.
Жыл басынан бері 60-тан астам көлік апатқа ұшырап, 90 жолаушы зардап шегіп, 35 адам бақилық болған.
"Қазавтожол" мамандары жол апатының жиілеуін ауа райының күрт өзгеруінен дейді, сондай-ақ жүргізушілердің жауапсыздығы да себеп.
Былтырғы жылдың есебіне көз салсақ, Қызылорда облысында 47 жол-көлік оқиғасынан 20 адам қайтыс болған екен. 87 адам түрлі дəрежеде жарақаттанған. Ал жыл басынан бері 60-тан астам көлік апатқа ұшырап, 90 жолаушы зардап шексе, 35 адам бақилық болған.
"Жүргізушілердің салғырттығы, жауапсыздығы орны толмас қайғылы жағдайларға соқтырып отыр. Тіпті, жолдың жабық екені туралы ТЖД жіберген хабарламаларды елемей, ұзақ жолға шығатындар да аз емес", – дейді "Қазавтожол" ҰК" АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Шанжархан Мырзабай.
"Облыста республикалық маңызы бар 1016 шақырым жол бар. Оның 246 шақырымы І санатқа, 566 шақырымы ІІ санатқа, қалған бөлігі ІІІ санатқа жатады. Жол бойында 8 пункт жұмыс істейді. Көктайғақ немесе бұрқасында жол апатының алдын алу үшін 50-ге тарта техника, 600 тонна көмір, 1820 тонна тұз, 7,5 мың тонна құм дайын тұр", – деді Ш.Мырзабай.
Нұрбек Дәуренбеков