"Көптеген өтініштер бойынша жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті онлайн режимде беру мүмкіндігін жаңарту туралы шешім қабылданды", – деп түсініктеме берді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Қызметті алу үшін бірінші кезекте Порталда авторизациядан өту қажет, содан кейін Порталдың басты бетінде "Электрондық өтініштер" сервисін таңдап, қызметке тапсырыс беру қажет. Одан әрі ашылған терезеде "Құру" батырмасын басу керек. Бұдан кейін "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы" бағанында "Жүкті болу және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау" қызметін таңдап, қажетті алаңдарды толтыру қажет. "Алушы" бағанында сіздің өңіріңіз бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ филиалын таңдау қажет. Содан кейін өтінішті, жеке куәлікті, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын (парақтарын), банктік шот нөмірі туралы құжатты қоса тіркеп, өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою қажет.
Орындаушыдан жауап мемлекеттік органның стандартында белгіленген мерзімде 8-ден 30 жұмыс күніне дейін түседі. Қажетті құжаттар тізімімен және өтініш үлгісімен egov.kz сілтемесі арқылы өтіп, Порталда танысуға болады.