Тіркелген жеке кәсіпкерлердің саны биыл 2,9%-ға қысқарып, 1,2 млн болды. Оның жұмыс істеп тұрғаны шамамен 1 миллиондай, олардың саны бір жылда 1,2%-ға кеміген. Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлады.
Қызметі тоқтамаған жеке кәсіпкерлердің саны ҚР-дағы 17 өңірдің 9-ында: Шығыс Қазақстан (−9,2%) және Қостанай облысында (−8,6%) азайған.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің саны бойынша Түркістан облысы (133,2 мың), Алматы қаласы (120,3 мың) мен Алматы облысы (109,7 мың) көш бастап тұр.
Қысқару, әсіресе, сауда және көлік салаларында байқалып отыр. Көрсеткіш 6,6%-ға азайып, 349,1 мың болды. Ал ауыл, орман, балық шаруашылығы мен кәсіби, ғылыми, техникалық қызмет салаларында, керісінше, кәсіпкерлер саны артты.
Табиғат Нұрболат