Жұмысыма ешкім кедергі емес – Данияр Ақышев

1306

Жұмысыма ешкім кедергі емес – Данияр Ақышев

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев оның жұмысына ешкім кедергі келтірмегенін мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

Алматыдағы баспасөз мәслихатында журналистер үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Данияр Ақышевке ешкімнен қорықпа дегенін еске салды.

Тілшілер президенттің осы сөзін негізге алып, Ұлттық банктің басшысынан оған кімнің кедергі келтіргенін сұрады.

"Жоқ, маған жұмыс істеуге ешкім кедергі келтірген жоқ. Банктің нәтижелі жұмысы –мамандардың еңбегінің арқасы. Біз өз міндетімізді адал атқарып келеміз. Экономикалық үдерісте барлығы да сіз ойлағандай бола бермейді", – дейді Данияр Ақышев.

Естеріңізде болса, 3 ақпан күнгі үкімет отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің ісіне араласқандарды жазалау керек екенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу