Жыл басынан бері Қазақстаннан шетелге қанша қаржы жөнелтілді?

533

2023 жылғы қаңтар-тамыз аралығында ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелге 624 млрд теңге жіберілген. 

Жыл басынан бері Қазақстаннан шетелге қанша қаржы жөнелтілді? Фото: Inbusiness.kz

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 9%-ға аз. Транзакциялар саны 3,2%-ға артып, бір аударымның орташа чегі 11,8%-ға, яғни 369,5 мың теңгеге дейін азайды, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Шетелден ақша аударымдары жүйесі арқылы алынған қаражат көлемі айтарлықтай төмендеді: бірден 2 есе. Транзакциялар саны 27,2%-ға азайды. 2023 жылғы қаңтар-тамыз айларында шетелден алынған бір аударымның орташа чегі 276,2 мың теңге болды.

Шетелге жіберілген аударымдардың жалпы көлемінің 75,7%-ы келесі елдерге тиесілі: Өзбекстан (178,7 млрд теңге), Ресей (151,4 млрд теңге), Түркия (142,6 млрд теңге).

Бұл ретте Өзбекстан мен Түркияға аударымдар көлемі қысқарса (тиісінше 11,4%-ға және 12,8%-ға), Ресейге ақша аударымдары 29,1%-ға ұлғайған.

Қомақты қаржы Грузияның үлесіне де тиді: 60,3 млрд теңге.

9 ай ішінде шетелден алынған қаражат көлемі бойынша Ресей көш басында: 80,5 млрд теңге. Ресурстың жазуынша, бір жылдағы көрсеткіш 2,8 есе азайған.

Одан кейінгі орындарда Өзбекстан (22,6 млрд теңге), Оңтүстік Корея (22,4 млрд теңге) және АҚШ (22 млрд теңге) орналасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу