Жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету көлемі артқан

816

Елімізде 10 пәтердің 9-ы ипотека арқылы сатылады.

Жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету көлемі артқан

Қаңтардан қыркүйекке дейінгі аралықтың өзінде ғана жылжымайтын мүлікке қатысты операциялардың құны 1,2 трлн теңгеден асқан. Бұл былтырғы кезеңнен 47,2% көп деген сөз. 

Өңірлер арасында елорданың жылжымайтын мүлік нарығында қызмет көрсету көлемі айрықша өскен. Астаналықтар 475,3 млрд теңгеге келісішарт жасап, былтырғыдан 2,3 есе артық қаржы тартқан көрінеді.  Екінші орында Алматы қаласы тұр. Мұнда 441,3 млрд теңгенің қызмет көрсетілген. Бұл былтырғыдан 37,4% көп. Үшінші орындағы Қарағанды облысында 55,4 млрд теңгенің қызметі көрсетілген.

Саладағы ең көп қызмет көрсетілген сектор  - баспана жалдау және меншік мүлікті басқару қызметі. 672,2 млрд теңге осы қызмет түрлеріне жұмсалған. Басқаша айтсақ, баспана жалдауға ел тұрғындары былтырғыдан 22,2% көп шығындалған. 

"Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясындағылар келер жылы жаңа баспана нарығында баға өсетінін болжап отыр. Әсіресе элиталық, бизнес және комфорт класс санатындағы пәтерлерге сұраныс артпақ. Ал эконом класс санатындағы пәтерлер кем дегенде алғашқы алты айда қымбаттай қоймайды", - деп жазады Еnergyprom.kz.

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы келісімдердің көбі экономи класс санатындағы пәтерлерге тиесілі көрінеді. Елде сатылған әр 10 пәтердің 9-ы ипотека арқылы ресімделеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу