Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызмет egov.kz-та қолжетімді

838

Енді міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметін egov.kz сайтында бір жұмыс күні ішінде оnline режимінде көрсетіледі.  

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызмет egov.kz-та қолжетімді Фото: Тұрар Қазанғапов

Әділет министрлігі Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, сондай-ақ "Мемлекеттік корпорация" КЕАҚ-мен бірлесіп Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жеңілдету бойынша жаңа жобаларды қолға алды, деп жазады inbusiness.kz.

Ол үшін egov.kz сайтында авторизациядан кейін "Бизнес" → "бизнесті тіркеу және дамыту" → "Бизнесті тіркеу және тарату" → "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу" бөлімінде тиісті өтінімді толтыру қажет.

Өтінімде жылжымалы мүліктің түрін көрсету, растайтын құжатты бекіту, электрондық төлем жасау және ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Өтінімді өңдеу нәтижесін Жеке кабинетте, "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде бақылауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу