Зимбабвенің бұрынғы президенті Роберт Мугабе қайтыс болды

884

6 қыркүйекте Зимбабвенің бұрынғы көшбасшысы 95 жасында дүниеден озды.  

Зимбабвенің бұрынғы президенті Роберт Мугабе қайтыс болды

Бұл туралы елдің қазіргі президенті Эммерсон Мнангагва хабарлады.

"Зимбабвенің негізін қалаушы, бұрынғы президент бүгін бақилық болды", - деп Твиттердегі парақшасында мәлімдеді.

Туыстарының айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы ем қабылдап келген. Бірақ нақты қандай сырқаттан көз жұмғаны жарияланбады.

Роберт Мугабе 1980 жылы сол кездегі ең жоғарғы лауазым премьер-министр атанып, билікке келген болатын. 1987 жылы ол премьер қызметін ресми түрде қысқартып, өзін президент етіп тағайындаған. 2017 жылы әскерилер оны тақтан құлатқанға дейін билік басында болған. Жергілікті ақпарат құралдарының дерегі бойынша, Мугабе кеткеннен кейін, халық көшелерге шығып, би билеп, ән салған.

Зимбабведе оны адам құқығын бұзды деп сынайтындардың қатары көп. 2017 жылы билікті басып алған әскерилердің айтуынша, президент пен оның айналасындағылар елді әлеуметтік және экономикалық дағдарысқа душар еткізген.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу