Осыған байланысты зияткерлік меншік обьектілерін кедендік тізілімге енгізу ережесі жеңілдеді, деп хабарлады ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
"Бұрын зияткерлік меншік иелері өз нысандарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан өткені туралы деректі растауға тиіс болатын. Кедендік тізілімге қосылу меншік иелерін едәуір әуре-сарсаңға салатын. Енді заңнан осы деректі растау бабы алынып тасталды", – дейді комитеттің басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.
Зияткерлік меншік нысанын кеденге тіркеу кезінде, әсіресе, Қазақстан нарығына алғаш рет келген кәсіпкерлер көптеген кедергіге тап болатын. Осы ретте олар өздерінің зияткерлік меншік объектісіне құқығын қорғауға мүмкіндігі де болмаған.
"Енді меншік нысанын еш кедергісіз кедендік тізілімге енгізе алатын болды", – дейді мамандар.
Заң биылғы жылдың 17 қаңтарынан бастап күшіне енді.