"Арландар" мен "қабыландардың" жекпе-жегі өтіп жатыр

641

"Арландар" мен "қабыландардың" жекпе-жегі өтіп жатыр

Астанада Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалы өтіп жатыр. Бас жүлде үшін "Astana Arlans" пен Кубаның "Cuba Domadores" командалары таласуда, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы жекпе-жекте ең жеңіл салмақ - 49 келіде Теміртас Жүсіпов пен Йоханус Аргилагос кездесті. Қазақстандық боксшы бірден алға шықты. Ол жекпе-жектің соңында сәл баяу қимылдағанымен, жеңісті қолдан бермеді. Барлық төрешілер өз шешімін Жүсіповтің пайдасына шығарды. Есеп - 3:0 (48:47, 48:47, 49:46).

Айта кеткен жөн, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалы екі сессиядан тұрады. Бүгін тағы тоғыз жұп жұдырықтасады. WSB-дің қазіргі чемпионы -  "Cuba Domadores". Ал астаналық команда бұған дейін чемпиондық атақты екі рет жеңіп алған болатын. Бүкіләлемдік бокс сериясының 7 маусымы ішінде "Astana Arlans" осымен төртінші рет финалға шығып отыр. Биыл олар өз тобында ең мықты қарсыластар - "Patriot Boxing Team", "Uzbek Tigers" пен "China Dragons" командаларымен кездесіп, өзбектерге қарсы болған турнирде бір рет қана ұтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу