Кеше "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына қарасты 4 шахтаның түнгі ауысымдағы 200 кеншісі жердің бетіне шықпай қойды, деп хабарлайды abctv.kz.
Бұл туралы abctv.kz-ке "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі: "2017 жылдың 11 желтоқсанында "Арселор Миттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты 4 шахтаның жұмысшылар тобы ауысым аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетуден бас тартты. Еңбек заңы аясында компания басшылары мен кеншілердің құқығын қорғайтын "Қорғау" көміршілер кәсіподағы арасында келіссөз жүре бастады. Басқа шахталар штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр",- деген мәлімдеме жолдады.
Кеншілердің айтуына қарағанда, "Ленин", "Тентек" , "Шахтинск", "Қазақстан" шахталарының кеншілері бүгін түнгі ауысымнан шықпай, шахтада түнеген.