"Астана Моторс" компаниясы МАЗ көліктерін құрастыра бастады

944

"Астана Моторс" компаниясы МАЗ көліктерін құрастыра бастады

"Астана Моторс" компаниясы Минсктің автозауытынан шығатын көлікті құрастыра бастады. Бір көлікті құрастыру үшін үш күн уақыт кетеді. 

Белорусь тарабы мен қазақстандық компания 2016 жылы келісімге отырған еді. Алматыдағы компания зауытында Hyundai коммерциялық техникасы да шығарылады. МАЗ көліктерін құрастырудың пилоттық жобасы желтоқсан айында қолға алынған еді. Ал бүгін аталған көлік ресми түрде құрастырыла бастады.

Қазақстан компаниясы жүк көлігінің екі маркасын — МАЗ-5516X5 және жаңаша МАЗ-6501H9 маркасын құрастырады.

Беларусьтен көліктің кабинасы мен шанағының штампталған детальдері, қозғалтқышы мен шассиі дайын келеді. Алматыда солар құрастырылады.

Алдағы уақытта көліктер қазақстандық аккумулятормен, автоәйнектермен, резеңкемен және бірқатар металл детальдерімен шығарылмақ.

Компания жылына 350 жүк көлігін шығаруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу