"Астананың" жаттықтырушысы үздік бапкер атанды

945

"Астананың" жаттықтырушысы үздік бапкер атанды

Қазақстандағы кәсіпқой футбол лигасы маусымның үздік бапкерін таңдады, деп жазады 24 Хабар.

Дауыс берушілердің басым көпшілігі "Астананы" жаттықтыратын болгариялық маман Станимир Стойловты мықты деп таныған. Станимир 83 ұпай жинап, топ жарды. Екінші орынды 34 балл жинаған "Ертістің" бас бапкері Димитар Димитров еншіледі. Үздік үштікте "Қайраттың" тізгінін ұстаған Кахабер Цхададзе де бар.

Стойлов туралы айтсақ, Станимир баптайтын "Астана" биыл да Қазақстан чемпионы атанды. Еуропа лигасының топтық сынында өнер көрсетіп жүр. Айтпақшы, "Астана" бейсенбі күні Швейцарияда "Янг Бойзбен" кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу