Астана халықаралық қаржы орталығының 25% акциясына Шанхай биржасысы иелік етеді. Бүгін Астана экономикалық форумында аталмыш қаржы орталығының төрағасы Қайрат Келімбет осы ақпарға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Қытайлық қаржы ұйымы бір жағынан инвестор міндетін де атқарады екен. Сондай-ақ, Астана халықаралық қаржы орталығы америкалық Nasdaq Inc биржасымен де келісімдер жасап жатыр. Бұл ұйым да Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктесін болуыға ниетті білдіріпті. Жалпы орталық ресми 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ашылса, негізгі жұмысқа осы жылдың соңынан бастап кірісуге әзір отыр екен.
Қайрат Келімбетов, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басшысы:
"Біз негізгі келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Шанхай қор биржасы негізгі серіктесіміз. Білесіздер ол әлемдегі ең озық 4 орталықтың бірі. Одан алатын тәжірибеміз көп болуы тиіс. Сондай-ақ, бүгін Астана экономикалық форумы барысында Мастеркарта жүйесімен де келісім жасадық. Ондағы мақсатымыз жасыл экономикаға көшу жұмыстарын жетілдіру. Несиелеу жұмыстары да осы халықаралық стандар негізінде жүргізіледі."
Қайрат Келімбетов БЖЗҚ қаржысына қатысты түсініктеме берді. Сондай-ақ, Астана халықаралық қаржы орталығының төрағасы Әзірбайжан банкінде кеткен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысында толық қайтаратынын жеткізді. Қазір оның механизмдері реттеліп жатыр екен. Оған сәйкес, банк қаржыны толықтай Әзірбайжан Үкіметіне өткізіп беруі тиіс. Бұл 71 млрд теңге. Қаржы қайтару жұмыстарына Қайрат Келімбетов Зейнетақы қорының акционері ретінде араласпақ екен.