Алматыда 2017 жылғы 1 тамыздан бастап, 1 қыркүйекті қоса алғандағы аралықта өтетін "Almaty Sales Festival" жеңілдіктер фестивалінің екінші маусымы іске қосылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
ЭКСПО-2017 шарасын өткізуге орайластырылған іске қазақстандық және шетелдік туристерге арналған тур-топтамаға енгізілген.
Жалпы алғанда, аудан инвестицияларды тарту жөнінде оң көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Жылдың басынан бері ауданда шамамен 30 млрд. теңге инвестиция игерілді, оның 14%-ы шетелдік инвестиция.
Бұдан басқа инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Ерменсай-2/2 шағынауданында мамандандырылған жеке мектеп құрылысын салу және жалпы алаңы 54,4 гектарды құрайтын "Атакент" Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығының аумағын қайта құру жұмысы басталады.
Сондай-ақ дат сәулетшісі Ян Гейлдың тұжырымдамасының шеңберінде аудандағы "Южный" саябағы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағы (веложолдар, суармалы су құбырлары, жарық беру желілері), Байсейітова көшесіндегі "Жас Қанат" шағын бағы көркейтіледі.