"Аягөз болашақ" қорына 55 миллион теңге жиналған

648

"Аягөз болашақ" қорына 55 миллион теңге жиналған

ШҚО-дағы қызыл судан зардап шеккен аягөздіктерге еліміздің әр түкпірінен гуманитарлық көмек көрсетілуде. Қарғын су шайып, баспанасыз қалған жандарға Алматы, Павлодар, Ақтөбе облыстарынан құрылыс материалдары, азық-түлік пен қажет жабдықтар жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Өскеменнен Аягөзге 15 тонна құрылыс жабдығы және ұн, картоп, сұйық май, шаруашылық тауарлары жіберілді. Қаржылай қолдау да бар. Бүгінде "Аягөз болашақ" қорына 55 млн теңге жиналған.

"Аудандарға үлкен рақмет. Жағдайы қиын болып тұрса да, жолдың алыстығына қарамай, бірлік көрсетіп жатыр. Кеше Риддер, Шемонаиха, Абай, Семей өз шама-шарқынша Аягөз ауданына көмек қолдарын созып жатыр. Бұл өте көңіл қуантарлық жағдай", - дейді "Нұр Отан" партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу