"Азия Авто" көлік құрастыру зауыты 2017 жылы үш жаңа және екі жаңартылған модельді шығаруға кіріспекші, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" компанияның баспасөз қызметі.
"Азия Авто" зауытында биыл Skoda Kodiaq, KIA Rio NEW және KIA Niro модельдерін шығару жоспарланған.
Сонымен қатар жаңартылған KIA Sportage NEW және Skoda Superb B8 нұсқалары шығарылмақшы.
"Азия Авто" зауыты 2002 жылы құрылды. Зауыттың серіктестері қатарында Volkswagen Group, General Motors, Renault-Nissan, "АвтоВАЗ" және KIA Motors компаниялары бар.
Кәсіпорын Lada; Skoda - Octavia, Fabia, Yeti, Rapid, Superb; Chevrolet - Captiva, Aveo, Cruze, Orlando, Malibu, Tracker; KIA - Mohave, Sorento, Cerato, Soul, Sportage, Optima, Cadenza, Picanto, Cee'd , Quoris, Carens, Rio НВ көліктерін құрастырумен айналысады.