"Азия даму банкі" 3 миллиард долларға инвестиция құймақ

819

"Азия даму банкі" 3 миллиард долларға инвестиция құймақ

"Азия даму банкі" Қазақстанға 3 млрд долларға инвестиция құймақ. Келісімге сәйкес, қаржы 2017-2021 жылдары еліміздегі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізіндегі бірқатар жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беруі тиіс. Бұл жайында арнамызға эксклюзивті сұхбат барысында Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілділігінің директоры Джованни Капаннелли мәлім етті. Сондай-ақ, қаржы интитуты шағын және орта бизнес, транспорт, банк секторын да тікелей қолдауға әзір. Таяуда сондай ірі инвестицияның бірі – "Ақтөте-Мақат" автожолын жаңғыртуға берген. Оған сәйкес, заң жобасын 2016 жылдың 7 желтоқсанында қол қойылған. Жалпы сомасы 240 млн долларды құрайтын қарыз 5,5 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда 18 жылға беріліп отыр.

Джованни Капаннелли, Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры: "Азия даму банкі" Қазақстанға 1994 жылдан бері инвестор болып келеді. Осы 23 жылда 5 млрд доллар салынған. Әрине, келісімдер Қазақстанға да, "Азия даму банкіне" де тиімді болды. Біз үшні Қазақстан нарығы бизнеске өте қолайды аймақтың бірі. Сондықтан алдыға 5 жылға да жоспар құрылыды. Бұл 3 млрд доллардың келісімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу