"Бабалар ізімен" экспедициясы жиырмаға жуық елде болды

1774

"Бабалар ізімен" экспедициясы жиырмаға жуық елде болды

Екі жарым ай бойы әлемнің 20 шақты елін аралап шыққан "Бабалар ізімен" экспедициясы Қазақстанға оралды, деп хабарлайды 24.kz.

Сапар барысында Әзербайжан, Армения секілді елдер аумағында Қыпшақ атты ауылдар мен таудың бары анықталды. Бұл – осы мекендерді кезінде Дешті Қыпшақ елі қоныстанғанының тағы бір айғағы. Ал Грузия халқының біздің ұлтқа айтар алғысы шексіз. Өйткені оларға бостандық әперген әйгілі Дидгор шайқасындағы жеңіске бабаларымыздың көмегімен қол жеткізген екен.

Экспедиция жетекшісі Сапар Ысқақов екі жарым айдың ішінде жиналған көп құнды деректі енді бізден бөлек әлем білуі үшін қыркүйекте халықаралық конференция өткізуді, сонымен қатар ғылыми орталық ашуды жоспарлап отыр.
"Бабалар ізімен" экспедициясы жетпіс күнде жиырма мың шақырым жол жүріп өтіп елге оралды. Осы уақыт аралығында Германия, Италия, Франция, Польша, Мажарстан, Украина, Грузия секілді жиырмаға жуық елде болды. Алдағы уақытта бұл сапар туралы деректі фильмдер циклы жарыққа шығады. Ал келер жылы "Бабалар ізімен" экспедициясы сапарын Жапония, Корея, Қытай, Үндістан, Болгария, Румыния, Македония секілді әлемнің он елінде жалғайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу