Биыл "Болашақ" стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат тапсыру мерізімі 16 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ortcom.kz.
Баспасөз жиында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ вице-президенті Мейіржан Алпысбай, бүгінгі күні білім грантына 200 үміткер құжат тапсырғанын мәлімдеді. Үміткерлер арасында 57 мемлекеттік қызметші, олардың ішінде жоғары лауазымды қызметкерлер де бар. Атап айтқанда, өңірлік әкім орынбасарлары, комитет төрағалары, кеңесшілер және мемлекеттік органдар басшыларының көмекшілері, сондай-ақ министрліктердің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бар.
Сонымен қатар, 2018 жылы үміткердің ағылшын тілі деңгейін анықтайтын IELTS 5.5-тен IELTS 6.0-ге дейін көтерілген.
Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссия конкурстық іріктеудің алдағы өткен кезеңінің қорытындысы бойынша 251 стипендия (223 – магистратура, 16 – докторантура, 12 – тағылымдамадан өту үшін) тағайындады. Стипендиялардың басым бөлігі (146 стипендия) шет елдерінің үздік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен тұлғаларға тағайындалды. "Болашақ" бағдарламасы бойынша 21 мемлекеттік қызметші, 13 инженерлік-техникалық қызметкері, 9 АХҚО қызметкері, 6 ғылыми-педагог қызметкері, 4 БАҚ қызметкері стипендия иегері атанды.
Стипендиялардың кезекті тағайындалуы 2017 жылғы қараша айының соңына жоспарланды.