"Даму" қоры электронды қызмет көрсететін болды

373

"Даму" қоры электронды қызмет көрсететін болды

“Даму” қоры өз қызметтерін элекронды түрде ұсынатын болады. Бұл туралы Астана экономикалық форумында қор басшысы Абай Сарқұлов айтты, деп хабарлайды naryk.kz.

“Цифрлы Қазақстан” бағдарламасы аясында электронды қызмет көрсетуге көшеміз. Қазірдің өзінде біз қызмет түрі eGov платформасында автоматты түрде көрсетіледі. Бұл кепілдікті ұсыну қызметі. Осы қызмет бойынша 360 өтініш қаралып, соның 109-ы мақұлданды. Биыл жыл соңына дейін субсидиялау қызметтерін автоматтандырамыз. Ал келер жылы толықтай автоматты қызметке көшеміз”, – деді Сарқұлов.

Оның айтуынша, осы бағыттағы жұмыстарда шағын несиелендіруге ерекше көңіл аударылмақ.

“Шағын несиелендіру кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі тетігі болады. Қазақстанда шағын несиелендіруді пайдаланған 200 мыңдай кәсіпкер бар. Олар орташа есеппен 1 млн теңгеден шағын несие алды. Әрқайсысы несие алған күннің ертеңінде-ақ кәсіптерін бастап кетті”, – деді Сарқұлов.

Сонымен қатар, қор зияткерлік меншікті сатып алуды қаржыландыру, электронды коммерцияны қолдау, цифрлы платформа мен экожүйені, исламдық қаржыландыру, краудфандинг, краудинвестинг дамытуға көңіл аудармақ.

Айта кетейік, қор алдағы уақытта 100 мың шағын несие беруді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу