"Дүниежүзілік тазалық күні" акциясында 3 тоннадан астам қоқыс жиналды

2094

Жиналған қоқыс іріктеліп, "Kaz Recycle Service" ЖШС-нің қоқыс өңдейтін зауытына жіберілді.

"Дүниежүзілік тазалық күні" акциясында 3 тоннадан астам қоқыс жиналды

15 қыркүйек күні өткен "Дүниежүзілік тазалық күні" халықаралық әлеуметтік-экологиялық акциясына 5 мың адам атсалысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанадағы 10 локациядан (Сарыбұлақ өзенінің жағасы, № 14, № 37, № 73 мектеп аумағы, "Нұрлы жол" вокзал ауданы, Қорғалжын тас жолы, Н. Тілендиев көшесі және т. б.) 3,3 тонна қатты қоқыс жиналған. Бұл акцияның ерекшелігі жиналған қоқыс іріктеліп (қайталама шикізатты бөлек, аралас қоқысты бөлек) "Kaz Recycle Service" ЖШС-нің қоқыс өңдейтін зауытына жіберілді.

Айта кетейік, бұл акция жыл сайын 15 қыркүйек күні өтеді. Оған әлемнің 150-ден астам елі қатысады. Акция 2008 жылы Эстония елінен бастау алған, онда 50 000 ерікті 5 сағаттың ішінде елді 10 000 тонна қоқыстан тазартқан.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу