"Эйр Астана" ұшқышы жұмыстан қуылды

903

"Эйр Астана" ұшқышы жұмыстан қуылды

"Эйр Астана" мас күйінде әуе кемесін басқармақ болған ұшқышын жұмыстан қуды. Бұл туралы әуе компанияның ұшу өндірісінің директоры Игорь Сегедин айтты, деп хабарлайды astanatv.kz.

20 шілде күні "Эйр Астана" рейсі Амстердамнан ұшпай қалған болатын. Өйткені Скипхол әуежайында екінші ұшқыш Сұлтан Нұрмағанбетов алкогольді тексеруден өтпей қалған. Оның мас екендігі анықталды. Осыған байланысты компания Амстердам-Атырау бағытындағы КС 304, Атырау-Алматы бағытындағы КС890 әуе рейстерінің ұшуына тыйым салды. Әуе тасымалдаушы компания жолаушылардың билеттерін 21 шілдеге ауыстырып берген. Ал ұшқыш еуропалық заңға сәйкес 5 мың ақш доллар көлемінде айыппұл төлеген, енді қызметінен де айырылды.

"Біз жолаушыларды қонақ үйлерге орналастырдық. Сондай-ақ жолынан қалғандардан кешірім сұраймыз. Келтірілген шығын үшін өтемақы төлейтін боламыз. Біздің компанияда қауіпсіздікке басымдық берілген. Сондықтан ішкі тергеу жұмыстарынан кейін екінші ұшқыш Сұлтан Нұрмағанбетовпен еңбек келісімшарты бұзылды", - дейді  "Эйр Астана" компаниясы ұшу өндірісінің директоры Игорь Сегедин.

Айта кетейік, бұл "Эйр Астана" әуе компаниясындағы екінші жағдай. Өткен жылы тағы бір ұшқыш есірткі қолданып, ұшақ басқарған болатын. Мәскеуден Алматыға күнделікті қатынайтын  "Эйрбас-320" ұшағы ұшқышының қалтасынан қызметтік иісшіл ит марихуана тапқан болатын. Ізінше 40 жастағы ұшқыш жұмыстан қуылды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу