"Ертіс" футбол клубы ауа райының салдарынан Түркияға ұша алмады

939

"Ертіс" футбол клубы ауа райының салдарынан Түркияға ұша алмады

Павлодардың "Ертіс" футбол клубы ауа райы салдарынан Түркияға жоспарлы оқу-жаттығу жиына  ұша алмай қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметкері Әділет Сәрсенбеков мәлім етті.

"Команда қазір Алматыда. Қаңтардың 7-сінен бастап жауып тұрған қар ұшақтардың ұшуына бөгет болып отыр. Рейс ертеңгі күнге шегерілді, бірақ нақты уақыты белгісіз", – деді Әділет Сәрсенбеков.

Айта кетерлігі, Түркияның Белек қаласындағы оқу-жаттығу жиыны 9 қаңтар күні басталу керек еді. Жаттығу 22-қаңтарға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта Белек қаласына 37 адам аттанғалы отыр, оның 13-і штаб өкілі болса, 24-і футболшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу