Елордадағы "Гранд Астана" тұрғын үй кешенінде пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды inform.kz.
Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ауданы 60 шаршы метр бір бөлмелі пәтердің жанып кеткенін растады.
"Ауданы 60 шаршы метр пәтерде өрт болды, ешкім зардап шекпеді. Бұл пәтер-студия еді", – дейді Астана қалалық ТЖД мамандары.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу