Қарағанды облысында Балқаш қаласының Гүлшат кентінің маңында қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясы пайда болады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Құрылыс жұмыстарының старты бүгін, 7-ші маусымда берілді.
Жобаны іске қосу салтанаты Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупаның, Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулиннің, инвесторлар - Risen Energy испан компаниясы өкілдерінің қатысуымен өтті.
Инвестициялардың жалпы көлемі 46 млн АҚШ долларын құрады.
Жобаның бастамашысы: "КПМ-Дельта" ЖШС – өз жеке қаражаты және Еуропалық қайта қалыпқа келтіру және даму банкі арқылы қаржыландыруда. Негізгі жабдықтарды Risen Energy жеткізеді. Компания әлем бойынша күн панельдерін өндіруші ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.
Құрылыс бойынша мердігер ретінде "Hi-Tech Qazaqstan" ЖШС таңдалды.
"Гүлшат" күн электр станциясын іске қосу 2019-шы жылдың бірінші тоқсанында жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Ол жылына 59 млн кВт/сағВ қуат өндіре алады. Бұл тек Қарағанды облысы бойынша ғана емс, Қазақстан бойынша да жаңартылмалы энергия көздері нысандарынң ең ірісі болмақ.
Жобаны жүзеге асыру арқылы Қазақстанның "жасыл экономикаға" ауысуы бойынша басталған курсты жалғастыруға және 2020-шы жылға дейін еліміздегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 3%-ға дейін жоғарылату міндетін атқаруға мүмкіндік туады.
Күн электр станциясының құрылысына 300-ден астам жұмыскерлер жұмылдырылатын болады. Іске қосылған соң онда 10 маман жұмыс атқарады.