"Қара тізімдегі" 4 мыңнан аса адам ақталды

898

"Қара тізімдегі" 4 мыңнан аса адам ақталды

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы деректеріне сәйкес, имамдар мен жергілікті билік өкілдерінің мұсылмандармен жүргізген әңгімелесулері нәтижесінде "қара тізімдегі" 4 152 адам ақталып шықты, деп хабарлайды kazislam.kz.

"Қара тізімдегі" тұлғалардың тұрақты мекенжайы бойынша аймақтардағы мешіттердің имам-хатыбтары ақталған азаматтардың бұдан былай тура жолдан таймайтынына кепіл болмақ. Жуық уақытта "қара тізімнен" тағы 5 мың мұсылман шығарылады.

"Біздің имамдар 10 990 адамға кепіл болуға өтініш білдірді. Оның 4 152-сі ақталды. Таяу уақытта тізімнен әңгімелесуден өткен басқа да мұсылмандар шығарылады" делінген Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының хабарламасында.

Айта кетсек, "қара тізімге" енген мұсылмандар күштік құрылымның тұрақты бақылауында болады және апта сайын, айына бір рет тексеруден өтіп тұрады. Мұндай тұлғалардың Өзбекстан шекарасынан шығуына рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, визалық құжаттар рәсімдеуде де мәселелер туындайды. Мемлекеттік мекемелер бұл тізімдегі тұлғаларды жұмысқа алмайды, алынған жағдайда төменгі қызмет берілмек.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу