"Жолаушылар тасымалы" АҚ 9 желтоқсанда "Қарағанды-Томск" бағытында №363/364 жаңа халықаралық жолаушылар пойызын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Пойыз күнара қатынайтын болады. Бұл Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтпақ. Бұл пойыздың құрамында 3 ірі вагон мен 3 плацкарт вагоны бар. Маршрут Астана-1, Павлодар, Шарбақты, Кулунда арқылы қатынайды. Шарбақты (Қазақстан) және Кулунда (Ресей) стансаларында тексеру бекеті орналасқан", - делінген хабарламада.
Пойыз Қарағанды стансасынан 23:24-те жолға шықса, Томскке 07:45-те жетеді. Жалпы 35 сағат 21 минут жол жүреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу